Мектеп тарихы » Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Бозжанов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Н.Бозжанов атындағы орта мектебі"
мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
87275952267
Есепші бөлімі:
+77275952267
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2021

Мектеп тарихы

... Қазан төңкерісінен кейін Іле-Балқаш өңірінде жаңа құрылымдар пайда болып, 1928 жылы қыркүйек айында аудан құрылады. Аудан орнағаннан кейін 1928-1930 жылдары  шағын ауылдардар мен артельдер құрылды. Ал 1930-1934 жылдарда 24 сауатсыздар, 43 шала сауатсыздар мектебі құрылды.

  Адамзат өркениетінің ұлы жемісі - өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік, толыққанды азамат тәрбиелеп шығару. 

Н.Бозжанов атындағы орта мектептің де білім саласында өз орны бар. «Су анасы - бұлақ» демекші, білімнің анасы мектеп десек, әсте қателеспейміз. Кімде-кім сауатты, білімді болса мектеп есігін көргендігінен, білімді ұстаздар алдынан өтіп, оқу мен білім  нәрінен сусындағанынан.

  Мектебіміздің тарихына үңілетін болсақ, осы өңірдегі шағын аулдырдың біріккен орталығы – Құйған ауылында 1938 жылы ашылып, кейін орта мектепке айналды. Алғашқы  директоры болып Нілдібай Құтпанбетов тағайындалды.

 1945 жылдан бері мектеп мемлекет қайраткері Нұрмұхамед Бозжановтың есімімен аталады. Н.Бозжанов 1906 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1926 жылы аумақтық кеңестік партия мектебін бітірген Н.Бозжановты комсомолдық жұмысты басқаруға жібереді.1928 жылы сәуір айында большевиктік партия қатарына өтті. Осы кезден бастап партия жұмысын үзіліссіз басқарды. Партактив курсында және Марксизм-Ленинизм Қазақ институтында оқу үшін уақытша жұмыстан қол үзді. Н.Бозжанов Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінде, Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1939 жылы КСРО Жоғары кеңесі Президиумы үкімімен ол ауыл шаруашылығындағы жетістіктері үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Өзі арасынан жарып шыққан және бар өмірін сарп етіп, адал қызмет еткен қазақ елі  Н.Бозжановқа Қазақ ССР  Жоғарғы Кеңесінің председателдігін сеніп тапсырды.