АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР! » Алматинская область білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Бозжанов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматинская область білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Н.Бозжанов атындағы орта мектебі"
мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
87275952267
Бухгалтерия
+77275952267
Версия для
слабовидящих
15
сентябрь
2022

АБАЙЛАҢЫЗ БАЛАЛАР!

«Н.Бозжанов атындағы орта мектебі МДШО» МКМде                          «Абайлаңыз, Балалар!» республикалық жедел- профилактикалық акциясы аясында өткізілген    іс- шараның өткізілуі туралы

                                                   АНЫҚТАМА


           «Н.Бозжанов атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде.  12.09.2022 жылы   оқушылардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, балалар арасында қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздерін және жол ережелерін кеңінен насихаттау мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел – профилактикалық шара өткізілді. Балқаш АПБ-нің ЖПҚБ ЮПТ УПИ, ЖПҚБ ППТ-нің инспекторы  полиция подполковнигі Садырбаева О.А мектеп оқушыларымен жедел профилактикалық іс-шаралар аясында жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін, балалардың тасымалдау ережелері сақтау, жаяу жүргінші балалардың жол қозғалысын сақтау ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.    Бозжанов орта мектебінде оқушылары арасында жолда жүру ережелерін сақтау туралы тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: Жолда жүру ережелерін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру,  барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

13.09.2022ж Орта буын оқушыларымен мектептің АӘЖсі  мен педагог ұйымдастырушының  қатысуымен ойын түріңде сабақ жұргізілді.                                           «Сен білесің бе?» айдарында белгіленген жол белгілері бойынша  сұрақ- жауаптар алынып оқушылардың білімін толықтыра өткізілді.

      Қорытынды бөлімде оқушыларға жол белгілері туралы мұғалім қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіретіні, үнемі жол ережесін сақтап, бағдаршамның қызыл түсі жанғанда тоқтап, сары түсі жанғанда дайындалып, тек жасыл түсі жанғанда ғана жүру керектігі баса ескертілді. Жол белгілері    көрсетіліп, бағдаршының нұсқаулығы түсіндірілді.

Қайда болсын барлығына ортақ жол ережесін қатаң сақтау туралы ескертілді.  Бұл ережені үлкендерде кішілер де бұлжытпай орындау керектігі айталды.