Қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы » Алматинская область білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Бозжанов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматинская область білім басқармасының
Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Н.Бозжанов атындағы орта мектебі"
мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
87275952267
Бухгалтерия
+77275952267
Версия для
слабовидящих
25
апрель
2022

Қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы

«2021-2022 оқу жылының аяқталу және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы»

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында 
БҰЙЫРАМЫН:
1. Оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері бекітілсін:
1) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтарының аяқталуы – 2022 жылғы 25 мамыр;
2) 9 (10) сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2022 жылғы 28 мамыр – 4 маусым аралығында;
3) 11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2022 жылғы 27 мамыр – 8 маусым аралығында.
2. Қорытынды аттестаттау өткізудің мынадай мерзімдері бекітілсін:
9 (10) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2022 жылғы 28 мамыр;
2) математика (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 31 мамыр;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2022 жылғы 2 маусым;
4) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет (оқыту тілі бойынша), Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 4 маусым;
11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2022 жылғы 27 мамыр;
2) қазақ/орыс/өзбек/ұйғыр/тәжік тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу – 2022 жылғы 3 маусым;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 2022 жылғы 6 маусым;
5) таңдау бойынша пәннен (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын, француз, неміс), Информатика) тестілеу - 2022 жылғы 8 маусым.
3. Білім алушыларды қайта қорытынды аттестаттау санитарлық талаптарды сақтай отырып, орта білім беру ұйымдары айқындаған мерзімде өткізіледі.
4. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген), осы бұйрықтың талаптарына сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, сондай-ақ республикалық орта білім беру ұйымдары 2021-2022 оқу жылын аяқтауды қамтамасыз етсін.
5. Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру мақсатында барлық білім алушылар үшін ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша 2022 жылғы 17 маусым аралығында оқытуды жалғастыру қажет.
6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін, республикалық орта білім беру ұйымдарының 9 (10), 11 (12) сыныптарының білім алушылары үшін емтихан тапсырмаларын 2022 жылғы 21 мамырға дейін жеткізуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
8. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.